«Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы» аудио кітабының таныстырылымы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы» аудио кітабының таныстырылымы болады

«Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы» аудио кітабының таныстырылымы болады

16 мамырда Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы» аудио кітабының тұсауы кесіледі.

  • 14 Мамыр 2013
  • 481
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы — Түркі әлемінің алтын бесігі Алтай мен Шыңғыстау, Баян Өлгей мен Қытайдың Алтай-Тарбағатай арасын алып жатқан дархан дала даусы ежелден ән-жырмен көмкерілген киелі мекеннің зор мақтанышы. Ақтаңгер ақындары мен дәулескер күйшілерінің, жезтаңдай әншілері мен сырлы сыбызғышыларының сиқырлы сазды сарыны атадан балаға мұра. Шертпе күйдің негізін қалаушы күй атасы Байжігіт, қаһарман Кетбұғаның көне сарындары қай жағынан алып қарасаң да ауқымды. Кемеңгер Абай, шежіре Шәкәрім, Әсет пен Жәнібек, сыбызғышылар Шанақ пен Кәлек ақсақалдың есімдері қазақ музыкасының тарихында алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз.

Осынау мол мұраны ұрпаққа үзбей жеткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей атсалысуымен Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық мемлекеттік филармониясы «Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы» анталогиясын жарыққа шығарып отыр.