Шымкенттік аниматорлардың «Қанатты барыс туралы аңыз» атты ертегісі шетелдік туындылармен бәсекелесе алады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік аниматорлардың «Қанатты барыс туралы аңыз» атты ертегісі шетелдік туындылармен бәсекелесе алады

Шымкенттік аниматорлардың «Қанатты барыс туралы аңыз» атты ертегісі шетелдік туындылармен бәсекелесе алады

Шымкенттік аниматорлар жасап шыққан 2D форматтағы бірінші толықметражды «Қанатты барыс туралы аңыз» атты ертегісі шетелдік туындылармен бәсекелесе алады.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 1334
Фото - Caravan.kz

Аниматорлар бұл дүниені толық аяқтап шығу үшін жеті жыл жұмсады. Осы уақыт аралығында қаржы тапшылығынан 45 минуттық анимациялық фильмнің сценарийі бірнеше рет өзгерген. Әлемді зұлымдықтан құтқаратын ертегінің бас кейіпкері Сауран батыр мен оның айырылмас досы қанатты барыс қана өзгермепті.

— Қазақстанымыздың Тәуелсіздігінің белгісі — Алтын адам мен Қанатты барыс. Оны қалай насихаттаймыз. Осы мақсатта біз өзіміз жаңадан ертегі жазып, сценарий жазып осы дүниемізді алып шықтық. Сауран — ол қазіргі біздің алтын адамымыздың прототипі, дейді сценарий авторы Керімбек Ниязбай.

Классикалық әдіспен жасалған мультфильм балалардың бойына отанының патриоты болуды жақын достарын сыйлап, үлкенді құрметтеуді үйретеді.

Қазіргі таңда қазақи дәстүрімізді дәріптейтін осындай отандық туындыларымыз саусақпен санарлықтай. Есесіне мән-мағынасы жоқ шетелдік мультфильмдер қаптаған. Өз күштерімен осыншама құнды дүние жасап шыққан туынды авторлары Сауран батыр мен оны қолдаушы қанатты барыстың басынан кешкендері туралы ертегінің болашақта ұлт мақтанышына айналатынына да сенімді.

Қыруар қаржы жұмсалған дүниеге қазірдің өзінде көптеген жергілікті телеарналардан сұраныстар түскен. Дегенмен, «өз-өзін ақтау үшін мемлекеттік қолдау керек»,-дейді жоба авторлары. Сонда ғана отандық анимация аяғынан тұрады. Келешекте «Қанатты барыс туралы аңыз» ертегісін кітап ретінде басып шығару да ойларында бар, деп хабарлайды 24 KZ.