Шымкенттік Жазира Нұрымбетова Қазақстан аруы атанды
![]() |
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан аруы-2012» ұлттық сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. |
Төрешілердің шешімімен 21 жастағы шымкенттік Жазира Нұрымбетова Қазақстанның ең сұлу қызы деп танылды. Ол 2013 жылы қазақ елінің атынан «Әлем аруы» байқауына қатысып, өз бағын сынайтын болады.
Ал ұлттық байқаудың вице-миссі атағы ақтөбелік 22 жастағы Әлия Мұқановаға бұйырса, екінші вице-мисс астаналық 20 жастағы Гүлстан Омарова, үшінші вице-мисс алматылық Карина Жетесова атанды.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық сұлулық байқауына өңірлік кезеңдерде жеңіске жеткен 25 қыз қатысқан болатын. Сонымен қатар Астанадан 7, ал Алматыдан 2 ару еліміздің ең сұлу қызы атану үшін өз бақтарын сынаған еді.
Аруларды Астана қалалық әкімдігі мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері, скрипкашы Марат Бисенғалиев, режиссер Фархат Шәріпов сынды танымал азаматтар бағалаған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін