«Шыңғысханның жолымен» автосайысы өз мәресіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шыңғысханның жолымен» автосайысы өз мәресіне жетті

«Шыңғысханның жолымен» автосайысы өз мәресіне жетті

«Шыңғысханның жолымен» автосайысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналып, айқын мәдениеттанушылық бағдарға ие болды.

  • 27 Шiлде 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

Сапар Ұлы қолбасшы Шыңғысханның ізімен, 6-12 ғасырлардың ең айтулы оқиғаларынан хабардар ететін шынайы тарихи орындармен жүріп отырды. Жарыстың негізгі мақсаты — Қазақстанның тарихи мұрасын — соның ішінде көне түркілердің тарихын кеңінен танымал ету, сонымен бірге жұрттың зейінін мәдениет пен тарихтың жәдігерлерін сақтап қалу мәселесіне аудару.

«Шыңғысханның жолымен» автосайысы ұзақтығы, қашықтығы және қатысушылар саны жағынан Қазақстанның автосайыстары тарихындағы ең кең көлемдісі болып табылады. Оған 15 Mitsubishi автокөлігіне мінген 77 адам қатысты. Автосайысының бірінші тобы 2011 жылдың 29 маусымында іске кірісіп, 22 шілдеде мәресіне жеткен. 23 күннің ішінде автосайыс қатысушылары Mitsubishi Pajero, Pajero Sport, L200 автокөліктерінде Қазақстан-Ресей-Моңғолия мемлекеттерінің аумағынан 10725 шақырым жолды жүріп өтті.

Автосайысқа үш топ қатысты, олардың әрқайсысының өз мақсаты мен нышаны болған. Алты автокөліктен құралған алғашқы топтың құрамына танымал қазақстандық ғалымдар, археологтар, режиссерлар мен актерлар кірді. Бұл топ Алматы қаласынан 2011 жылдың 29 маусымында жолға шыққан болатын. Аталған топтың негізгі мақсаты — түркі халықтарының ұлы мұрасы мен ара-қатынасы жайлы баяндайтын «Шыңғысханның жолымен» деректі фильмін түсіру еді. 14 күннің ішінде бірінші топ мүшелері 4 800 шақырым жолды жүріп өтіп, түрлі артдеректерге және көне түркілердің мұрасының басқа да тарихи мағлұматтарына бай аймақта болды. Фильмді түсіру барысында 5-12 ғасырлардың бірегей тарихи ескерткіштерін бейнетаспаға басып, сонымен қатар тарихи және мәдениеттанушылық ақпараттың «иелері» — ақсақалдармен, рубасылармен тікелей тілдесуге мүмкіндік туды, олар өз руларының бірнеше буынына дейінгі тарихын қуана-қуана және ашық баяндап берді. Топтың бағытының негізгі орындары: Алматы-Талдықорған-Өскемен-Бийск-Онгудай-Кош Агач-Улгий-Алтай-Хархорин-Улан Батор. 13 шілде күні топ толық құрамда Монғолия Халық Республикасының астанасынан чартерлік рейспен ұшып шыққан.

Екінші топ 9 автокөлікпен 6 шілдеде Барнаул қаласынан (Алтай өлкесі) сапарға шыққан еді. Топ құрамына танымал ресейлік басылымдардың, теле-бағдарламалардың және интернет-порталдардың өкілдері кірді. 7 күн ішінде топ 2 900 шақырым жол жүріп өтті, оның 2300 шақырымы Монғолияның күрделі жолсыз аймағы. Жолдың мүлдем болмауы, шаң, ұстарадай өткір тастар, аптап пен жауын, тіпті жергілікті тұрғындар да осындай аз уақытта Батыстан Шығысқа созылған шексіз монғол даласын бағындыру мүмкін дегенге сенбеп еді. Сонымен 12 шілде күні ресейлік БАҚ өкілдері Улан Батордан Мәскеуге ұшып кетті.

Автосайыстың үшінші тобы өз сапарын 14 шілде күні Улан Батор қаласынан бастады. 14 автокөлікке мінген қазақстандық журналистер тобы 3 900 шақырымға созылған бағытты бағындырды: Улан Батор-Улан Уде-Байкал-Иркутск-Красноярск-Барнаул- Өскемен-Алматы. Сап өз мәресіне 22 шілде күні таңғы 04:30 Алматыға жетті. Алматы-Барнаул-Улан Батор-Улан Уде-Красноярск-Барнаул-Алматы бағытының жалпы ұзақтығы 10 725 шақырымды құрады. Автосайыстың қатысушыларының жалпы саны 15 Mitsubishi автокөлігіне мінген 77 адам еді.

Бүкіл автосайысқа 22 тонна жанармай жаратылды, нақты айтқанда 11 тонна дизельдік отын және 9 тонна 900 литр бензин.

Соңғы жаңалықтар