Скрипкашылардың үшінші халықаралық байқауы Оралда 2006-жылы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Скрипкашылардың үшінші халықаралық байқауы Оралда 2006-жылы өтеді

Скрипкашылардың үшінші халықаралық байқауы Оралда 2006-жылы өтеді

Скрипкашылардың үшінші халықаралық байқауы Оралда 2006-жылы өтеді. Бұл туралы скрипкашылардың екінші халықаралық байқауын қорытындылау мақсатымен өткізілген баспасөз мәслихатында байқаудың қазылар алқасының төрағасы Марат Бисенғалиев хабарлады.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бұдан былай скрипкашылардың Оралдағы халықаралық байқауы екі жылда бір рет өткізіліп тұратын болды. М.Бисенғалиев бұл шешімді байқауды өткізудің орасан көп шығынды талап ететіндігімен түсіндірді. Байқауға қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелерін Лондоннан Оралға ұшақпен тасымалдау, мейманхана және басқа да ұсақ-түйек шығындарды ескермегенде, байқаудың тек сыйлық қорының өзі 10 мың долларды құрайды.

«Байқауға қатысты жұмыстарды жалғастыру, обьективтілікті арттыру үшін қазылар алқасының құрамын кеңейту қажет»,- деді М.Бисенғалиев. Ол осы орайда Қазақстанның беделін арттырып, оны жат жұрттарға насихаттау үшін қажет болғандықтан, байқау одан әрі жалғасын табады деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар