"Сөйлемей қалды": Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естіген анасы екінші рет инсульт алған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сөйлемей қалды": Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естіген анасы екінші рет инсульт алған

"Сөйлемей қалды": Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естіген анасы екінші рет инсульт алған

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев соңғы кезде сахнадан неге көрінбей кеткені жайында «Ең алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.

  • 8 Сәуiр 2021
  • 1827
Фото - Caravan.kz

Әншінің өміріндегі сәтсіздіктер оның шығармашылығына да салқынын тигізді. Шаңырағының шайқалуы, артық салмақ, алып-қашпа әңгімелер жаңа хит әндердің шықпай кетуі Алмас Кішкенбаевты қатты күйзеліске ұшыратты.
Алмастың ажырасуы әншінің анасына да ауыр тиген. Жайсыз хабарды естіген анасы тіпті инсульт алған. Жығылған үстіне жұдырық болып тиген жағдайлар оның  өнерден тасада қалуына әкеп соққан.
Дегенмен әншінің өзі бұл тақырып жайлы ашып айтқысы келген жоқ.

Алмастың анасының көршісі Роза Құрбанқызы:

"Ұлының үйлену тойын үлкен қуанышпен жасады. Алмастың ажырасқанын естігенде екінші рет инсульт алды, сөйлемей қалды. Қатты жылады. «Мөлдірдің берген уәдесі қайда?» деді. Кезінде махаббат сезімі болған шығар. Алмас қатты қиналғанда неге оған демеу бермеді? Оны жақсы көргені қайда? Неге ол екі қызды екі көзін жылтыратып, жетім қылып қояды?" – деп көзіне жас алды.


Әнші Алмас өз қателіктері үшін қатты өкінетінін айтты.
 

 

Соңғы жаңалықтар