Жарияланды: 630

Солтүстік Қазақстандық әртістер Үндістанда өткен өнер фестиваліне еліміз атынан қатысып қайтты

Солтүстік Қазақстандық бір топ әртіс Үндістанда өткен Орта Азия елдерінің өнер фестиваліне еліміз атынан қатысып қайтты. Өнер фестиваліне Әзербайжан мен Өзбекстанның мәдениет майталмандары да қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне өкілдерді басқарып барған Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы Амангелді Балмұханов хабарлады.

Солтүстік Қазақстандықтардың фестивальде өнер көрсету шарасына Үндістандағы Қазақстан елшілігі мен Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі бірлесе қолдау көрсетті. Өкілдер құрамына "Әдемі-ау" атты би ұжымы мен облыстық филармонияның әртістері қамтылды. Солтүстік Қазақстандық әртістер Үндістанның төрт қаласында концерт берумен бірге Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай Үндістандағы Қазақстан елшілігінде қабылдауда болды. А.Балмұхановтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшілігі шығармашылық айырбас жұмыстарын одан әрі жалғасыра бермек ниетте. Ендігі кезекте Үндістанның шығармашылық ұжымдарының Солтүстік Қазақстанға жауап сапармен келу мүмкіндігі зор.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін