”Сөз арнау өте ауыр”: Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Сөз арнау өте ауыр”: Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы туралы

”Сөз арнау өте ауыр”: Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы туралы

Әнші Абай Бегей 16 жасында келін атанған ортаншы қызына әсерлі жазба арнады.

  • 21 Тамыз
  • 144
Фото - Caravan.kz

Өнер иесінің әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің көңілін босатты деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Симбиім қызым! Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. «Қыз бала – қонақ» деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені, өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам Мұстафа екеуіңе бар айтар тілегім; қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым; сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды — бұлт, бауырыңды мұз шалмасын!”, — деп жазды жұлдызды әке.

Аталмыш жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.

”Өзіне ең жақын қызы еді, сырты күліп тұрғанмен іші жылап тұр”, “Қандай керемет әкесіз”, “Әкенің тілегі қабыл болады, бақытты болсын”, “Жүрегі ауырып тұрғаны көрініп тұр”, — деп жазды олар.