Спорт фотожурналистикасы тарихындағы ірі көрме өтуде - Алматы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт фотожурналистикасы тарихындағы ірі көрме өтуде - Алматы

Спорт фотожурналистикасы тарихындағы ірі көрме өтуде - Алматы

Бүгін Алматыдағы Орталық көрме залында Никита Басовтың фотокөрмесі ашылды. Бұл спорттық фотожурналистикада ел тарихындағы тұңғыш ірі көрме болмақ.

  • 9 Қараша 2012
  • 426
Фото - Caravan.kz


«Мен Олимпиада ойындарынан кейінгі үзілісті арнайы күттім. Жұртшылықтың бұл спорттық додаға қатысты көңіл-күйін көргім келді. Команданың Лондондағы өнері үлкен әсер туғызып, спорт туралы бұрынғыдан көбірек айтыла бастады. Сондықтан жағымды сәттерді тағы еске алуына түрткі болғым келді. Бұл үшін көрмеге 140 жұмысымды арнайы іріктеп алдым», — дейді автор. Қазақстандағы спорттық фотографияның өрлеуіне тың серпін беруді мақсат еткен Н. Басов спорттық шараларды 2004 жылдан бері түсіріп келе жатыр. Оның мұрағатында Ванкувердегі қысқы, Лондондағы жазғы Олимпиада ойындары мен Гуанчжоудағы жазғы Азия ойындарының және ұлттық құрама аяқдопшыларының түздегі матчтары мен теннисшілер құрамасының Дэвис Кубогы додасындағы сайыстарынан түсірілген құнды фотосуреттер баршылық. Қала тұрғындары мен қонақтарының танымал спорт фотогрофының бұл көрмесін 19 қарашаға дейін тамашалауға мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар