Жарияланды: 560

Стингтің болмай қалған концертіне сатылып кеткен билеттердің құны түгелдей қайтарылады

Стингтің болмай қалған концертіне сатылып кеткен билеттердің құны түгелдей қайтарылады. Бұл туралы бүгін Zakon.kz ақпараттық порталындағы бейне-онлайн конференция барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты.

Бейне-онлайн конференция барысында Үкімет басшысына «Стингтің ән кешіне билет сатып алдыңыз ба, сатып алсаңыз болмай қалған концерт үшін билет құнын қайтарды ма?» ,-деп қойған сауалға К. Мәсімов: «Мен билетті сатып алуға үлгермедім. Атап айтқанда, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов аталған концерттің билеттерінің құны барлығына қайтарылатыны туралы маған баяндады»,-деді. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын «Стингтің симфониялық туры» деп аталатын әйгілі әнші Стингтің болмай қалған концертіне сатылып кеткен билеттерді қайтару жұмысы басталған болатын. Астана күніне орай жоспарланған Стингтің концерті Республикалық велотректе 6 шілде күні өтуі тиіс болған. Өкінішке қарай, ұйымдастырушылық-техникалық себептерге байланысты әйгілі әнші Астанаға келмеді. Билеттерді тарату бөлімінің ақпараты бойынша Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында 5 мыңға жуық билет сатылып кеткен. Бұл бар билеттердің 70 пайызы. Астана бойынша сатылған билеттердің саны 4,5 мыңның шамасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін