Суретші Б. Әсемқұл жас балаларға шеберлік сыныбын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суретші Б. Әсемқұл жас балаларға шеберлік сыныбын өткізді

Суретші Б. Әсемқұл жас балаларға шеберлік сыныбын өткізді

Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында «Үкілі үміт» жобасы аясында «Өнер әлеміне самғау» атты көрме өтті.

  • 2 Маусым 2011
  • 555
Фото - Caravan.kz

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған бұл көрмеге №1 Өнер мектебінің 5-сынып оқушылары қатысты. Оларға XIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері, жас суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Әсемқұлдың туындылары көрсетіліп, суретші жас балаларға шеберлік сыныбын өткізді. Ол өзінің оқу барысында және шығармашылықпен айналысу сәтінде жеткен жетістіктерімен, тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, суретші Бейбіт Әсемқұл жас суретшілермен майлы бояудың жағыстары мен түстің қолдануын, композицияның шешімін жұмыс барысында түсіндіріп, өзіне мәлім қыр-сырымен бөлісті. Көрмені музейге келушілер мен өнер сүйер қауым тамашалай алды.

«Бүгінгі іс-шара дарынды жастарымызды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Елімізде жас дарындарымыз көп. Бірақ, оларға қолдау көрсетіп, демеу жасамаса, талантын сыртқа шығару қиындау болады. Сондықтан да, жас суретшілерімізді қолдау мақсатында «Үкілі үміт» жобасын қолға алдық. Алғашқы кездесуді Бейбіт Әсемқұлдың көрмесінен бастадық. Жас авторларымыз көрмеден жақсы әсер алып, шабыттанып қайтады деген ойдамын. Жобамыздың бүгінгі бастамасы жақсы нәтиже берсе, онда оны жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырамыз», — дейді ҚР Тұңғыш Президент Музейі директорының орынбасары Күләйша Ақтаева.

Соңғы жаңалықтар