"Сүйінші!": Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.38
  • 531.63
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сүйінші!": Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығымен бөлісті

"Сүйінші!": Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығымен бөлісті

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы сүйінші жаңалығымен бөлісіп, елді қуантты.

  • 23 Тамыз
  • 2508
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

«Сүйінші! Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек Аллаға ғана тән! Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Республикасы, Пекин қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті.

BEIJING FOREIGN STUDIES UNIVERSITY. Аяулым, былтыр Қазақ ұлттық өнер университетін қызыл дипломмен бітіріп, 1 жыл жұмыс жасап, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін оқып жүрген еді .

Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап:

“Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың! Сен осы Қытайдағы жоғарғы оқу орнына тапсырып көрсейші. Мысалыға біздің президентіміз , Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытайдың мықты Университетінде оқыған ғой депті. Сөйтіп Аяулым осы BFSU -ді таңдап, міне бүгін осындай Ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жететіндей қуанып жатқан жайымызды сіздермен бөлісіп жатырмыз. Бізге тілеген тілектеріңіз, өздеріңізге еселеп қайтсын», — деп сүйінші жаңалығымен бөлісті әнші.