Жарияланды: 440

Т. Бекмамбетов өзін кеңестік режиссермін деп есептейді

Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов Ресей мен Қазақстан арасында шекара қойып отырған жоқ және өзін кеңестік режиссермін деп есептейді.

«Мен өзімді халықаралық (режиссермін – ҚазТАГ) деп есептемеймін». – «Ал кеңестік ше?» - «Солай деп айтуға болады», - деді Т. Бекмамбетов жұма күні экшн-фильмдерінің ASTANA халықаралық кинофестивалінің басталуының алдындағы баспасөз мәслихатында ҚазТАГ тілшісінің: «Сіз өзіңізді қай мемлекеттің режиссерімін деп есептейсіз?», - деген сауалына. Журналистің, ол азамат ретінде қай мемлекетке тән екендігі туралы сауалына Т. Бекмамбетов: «Мен біртұтас мемлекетте туылып, өстім. Және менің қалауымнан тыс, мен үшін ол солай болып қала береді. Мен үшін Астрахан мен Атырау арасында айырмашылық жоқ. Және шынын айтсам... осы шекара мен үшін тым ауыр мәселе. Бірақ іштей, мен оны сезініп жүрген жоқпын. Бұл сауал өте ашты, және мен оған өз ішімде, өзіме-өзім жауап беруден қашқақтаймын. Мен үшін солай ету және солай өмір сүру ыңғайлы және жеңілдеу», - деді ол. «Мәселе өте күрделі. Әзірге Қазақстан-Ресей арасындағы қарым-қатынас өте жақсы сценариймен дамып келеді, және менде ол туралы ойламау мүмкіндігі бар», - деді Т. Бекмамбетов. Бұл ретте ол «бәрінен бұрын туылған мемлекетке, яғни КСРО-ға тән шығармын» деп қосып айтты. Т. Бекмамбетов Қазақ ССР-індегі Гурьев (қазір Атырау) қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент А. Островский атындағы театр-көркемсурет институтын «кино және театр суретшісі» мамандығымен бітіріп, әскерде борышын өткерген соң, Мәскеуге орнықты. РФ астанасында ол өз атағын жарнамалық және музыкалық роликтерді түсіруден бастады. 2000 жылдың басында «Империал фильм» ЖАҚ компаниясының, «ТАББАК» және Базелевс Продакшн киностудиясының құрылтайшысы, бас директоры болды. Қазір ол отбасымен бірге АҚШ-та өмір сүреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін