Т. Теменовтың "Менің күнәлі періштем" фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т. Теменовтың "Менің күнәлі періштем" фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімі болды

Т. Теменовтың "Менің күнәлі періштем" фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімі болды

Бүгін Алматыда "Қазақфильм" киностудиясының Тон студиясында режиссер Талғат Теменовтың "Менің күнәлі періштем" атты фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімі болды.

  • 10 Маусым 2011
  • 863
Фото - Caravan.kz

Фильмнің режиссері мен сценарий авторы Талғат Теменов. Жанры — жастар киносы. Фильмнің бюджеті — 2,5 миллион АҚШ доллары.

Фильм арман қуып Парижге кеткісі келетін жас қыздың өмірінен сыр шертеді. Айшаның сүйікті жігіті бола тұрып, арманына жету үшін демеушілік танытып жүрген бай жігітпен көңіл қоспақ болады. Бойжеткен асқақ арманының орындалуын таңдай ма, әлде жүрек лүпілінің әмірімен шынайы махабатты таңдай ма? Оны киносүйер қауым күзде экранға шыққан кезінде білетін болады.

Басты рөлдерді бұған дейін киноға түспеген жас әртістер — Данияр Қанатқалиев (Азамат) пен Құралай Анарбекова (Айша) ойнайды. Ал бай кәсіпкер Асхат Бабаевичтің рөлін — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов сомдайды. Фильмге сонымен қатар әлемге танымал актер — Жерар Депардье түскен.

«Түсірілімдер Алматы қаласының, еліміздің және Францияның ең әсем, көрікті деген жерлерінде жасалды. Туынды қазақ халқының жақсы дәстүрлерін көрсететін, әдемілікті, махаббатты, достықты, адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, сезімталдықты паш ететін фильм. Мұнда еш жағымсыз кейіпкер жоқ. Менің ойымша, бұл көрермен көңілінен шығатын фильм болады. Тіпті «Махаббат бекеті» фильмінен асып түсетін, танымалдылыққа ие болатын фильм болатынына сенемін»,-деді Талғат Теменов.

Оның айтуынша, жаңа туындының тұсаукесер рәсімі биылғы жылдың күз айында, 15 қыркүйек күні өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар