Жарияланды: 3300

“Тағдырға бәріміз тәуелдіміз. Сен де, мен де…” - Бейіттің басында жылап отырған Ақбота-Нұр оқырмандарын шошытты

“Тағдырға бәріміз тәуелдіміз. Сен де, мен де…” - Бейіттің басында жылап отырған Ақбота-Нұр оқырмандарын шошытты

Әнші, актриса Ақбота-Нұр әлеуметтік желідегі Инстаграм парақшасына жылап отырған видеосын жариялап оқырмандарын шошытты.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актриса бейіттің басында жылап отырған видеосының астына: 

"Өмір ағысын ешқашан тоқтатпайды. Қанша қарсылассаң да өз дегенін жасайды! Тағдырға бәріміз тәуелдіміз. Сен де, менде… “Бақыттың кілті”... Жуырда",- деп жазба қалдырды.

Мұны көрген әншінің оқырмандары: 

"Шошып кеттік қой","Мәәә, жүрегім зу ете қалды","Алла жақындарымызға ұзақ ғұмыр берсін","Ақбота сен өте сұлу жансың","Мінсіз ғой","Түсірілім екенін соңын оқып түсіндік қой","Қорқып кеттім","Ешқашан жыламаңызшы Алланың ең сұлу жаратылысы","Қашан шығады бұл кино","Күтеміз","Мықты актриса екенсіз",- деп пікірлерін қалдырды.

Еске салсақ, актриса қазіргі таңда Алматы қаласы, Таутүрген кентінде "Бақыттың кілті" атты сериалдың түсірілімінде. 25 жастағы Ақбота  қаншама сынақтарға төзген, қиындықтарға мойымай перзенті үшін бар күш-жігерін жинап тағдырмен күрескен 35 жастағы Еңліктің рөлін сомдап шыққан. 

Режиссёр: Айдын Сахаман
Редактор: Жазерке Қаратаева
Продюсер: Жанара Тұрпатова

Басты рөлде: Ақбота-Нұр.

Күз айында Қазақстан ұлттық арнасында көрерменге жол тартатын бұл сериалды оқырман асыға күтуде. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін