Жарияланды: 480

Тамыз айында «Қазақфильм» Қазақстан тарихында алғашқы рет 3 D форматындағы фильмін таныстырады

Тамыз айында «Қазақфильм» Қазақстан тарихында алғашқы рет 3 D форматындағы фильмін таныстырады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті. «Тамыз айында Қазақстан тарихында алғашқы рет 3 D форматындағы Егор Кончаловскийдің «Ауғанстанға оралу» фильмінің, ал қыркүйекте Т. Теменовтың Ж. Депардьенің қатысуымен түсірілген «Менің күнәкар періштем» фильмдерінің жалпыұлттық тұсаукесері өткізіледі», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, жылдың соңына дейін 4 толықметражды және 8 қысқаметражды фильмдер экранға шығады. «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштеріне арналған 20 деректі фильмнің, Мемлекет басшысы мен еліміздің танымал қайраткерлерінің қызметі туралы 20 қосымша деректі фильмнің түсірілімі аяқталып, қараша айында «Қазақ елі» атты 25 сериялы анимациялық фильмнің тұсаукесері өтеді», - деді М. Құл-Мұхаммед.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін