“Таңдауға келгендегі әлсіздіктің соңы…” - Ақбота-Нұр кенеттен жазба жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Таңдауға келгендегі әлсіздіктің соңы…” - Ақбота-Нұр кенеттен жазба жариялады

“Таңдауға келгендегі әлсіздіктің соңы…” - Ақбота-Нұр кенеттен жазба жариялады

Әнші, актриса Ақбота-Нұр әлеуметтік желідегі парақшасына кенеттен жазба жариялап қызу талқыға түсті.

  • 19 Маусым 2022
  • 875
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

" Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып,
Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып.
Аламанға салсаң озар, әй қайдам,
Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.

Мен -әйелмін, қырық жан бар бойымда,
Шырқыраймын, талай уайым қойында.
От шарпыса шыдай түсем ерімей,
Себебі мен ұқсап кетем-шойынға…

Бәлкім бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс..

Еңлік сияқты күн кешіп жүрген құрбандар қаншама?!",-деп жазба жариялаған әншіні оқырмандары алаңдап қалды.

Желі оқырмандары: "Не болды Ақбота?","Тыныштық па? Нені дұрыс емес қабылдадың?","Түсірілімде ма?","Жаным-ау","Қыз тағдыры қандай қиын","Кино қашан шығады?","Дәуренмен ажырасты мв?","Бақытты болуға лайық жан","Негізі мықты қыз","Таңдауды дұрыс жасау керек",- деп пікірлерін оқша боратты.

Еске салсақ, актриса "Бақыттың кілті" -атты жаңа сериалдың түсірілімінде жүргенін айтқан болатын!

Екі айға жуық болатын түсірілім алаңынан біршама қызықты оқиғалар, суреттер мен бейнежазбалар күтетін боламыз,- дейді әншінің оқырмандары.

Соңғы жаңалықтар