Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов қайтыс болды.

  • 24 Қаңтар 2023
  • 91
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Композитордың мезгілсіз қазасы туралы әріптестері, әншілер мен әртістер әлеуметтік желіде жазып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Дүйсенов сырқатынан көз жұмған.

Дүйсенов Арман Нарамбайұлы – 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Композитор, тележүргізуші, продюсер.

Арман Дүйсенов – әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография, эстрадалық музыка сияқты бірнеше бағытта кәсіби музыкалық білім алған Қазақстанның заманауи композиторларының бірі.


Марқұмның отбасына, туған-туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз!

Соңғы жаңалықтар