Жарияланды: 850

"Тақтар таласы" сериалының актерлеріне төленетін қаламақы мөлшері белгілі болды

"Тақтар таласы" сериалының актерлеріне төленетін қаламақы мөлшері белгілі болды

Желіде "Тақтар таласы" сериалында басты рөлді сомдайтын актерлерге берілетін қаламақы мөлшері белгілі болды.

Жетінші және сегізінші маусымға түсетін актерлердің қаламақысы туралы мәліметті сериалдың фан сайттарының біріжариялады.

Бізге белгілі ақпарат бойынша сериалдың келесі маусымында жетекші рөлдерді сомдайтын Кит Харрингтон (Джон Сноу), Эмилия Кларк (Дейенерис Таргариен), Николай Костер-Вальдау (Джейми Ланнистер), Питер Динклэйдж (Тирион Ланнистер), Лена Хиди (Серсея Ланнистер) сынды актерлер әр эпизод үшін 1,1 млн АҚШ доллары көлемінде қаламақы алады.

Бұған дейін Deadline.com сайты актерлерге бір эпизод үшін 300 мың доллар төленеді деп мәлімдеген еді.

Сериалдың жетінші маусымы жеті эпизодтан тұрса, сегізінші маусымда алты эпизод түсірілу жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін