Таразда «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша жаңа кітаптар жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша жаңа кітаптар жарық көрді

Таразда «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша жаңа кітаптар жарық көрді

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша бірнеше жаңа кітаптар жарық көрді.

  • 12 Тамыз 2015
  • 518
Фото - Caravan.kz

Ғылыми еңбектер архив құжаттары және қордаланған материалдардың негізінде даярланған, деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметі.

  «Жетісу Ресей империясының құрамында» атты монографияда XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі патша өкіметінің Жетісу өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты, казактар мен орыс шаруаларының өлкеге қоныстандырылуы және оның салдары, жергілікті халықтардың дәстүрлі жер пайдалану жүйесінің бұзылуы қамтылған. Сонымен қатар, отаршылдық саясатқа қарсы шыққан тұлғалар туралы және XX ғасырдың басында өлкеден шыққан қазақ зиялыларының жалпы мұсылмандық қозғалысқа тартылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Жетісу халықтарының көтерілісі және оның барысына байланысты мәселелер топтастырылған.

«Бұл кітапта тың деректер молынан кездеседі. Ең алдымен тарихи ақтаңдақтардың орнын толтыруға қадам жасалған», — деді кітап авторы, ТарМПИ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова.

Сондай-ақ, аталған автордың «Алаш қозғалысының тарихы» атты оқулығы да жарық көрді. Бұл кітапта қазақ халқының азаттық үшін күрескен, оның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін қалыптастыруда зор рөл  атқарған Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметтері туралы жазылған.


Ал, Түркістан жинағының қос томы  — Түркістан өлкесінің (Орталық Азияның) көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, халықтарының мәдени өмірі мен тұрмыс-салтына және өзге де мәселелерге арналған мақалалардың ғылыми жинағы болып табылады. Белгілі тарихшы Тұрғанжан Төлебаевтың «Обрабатывающая промышленность Туркестанского края» атты монографиясы Сырдария және Семиреченск облыстарының мұрағаттық деректері негізінде жазылған. 

Соңғы жаңалықтар