Тараздың облыстық көрме залында балалардың фотожұмыстарының көрмесі өтіп жатыр
Тараздың облыстық көрме залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау аясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен балалардың фотожұмыстарының көрмесі өтіп жатыр. |
Көрмеде 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың 80-нен астам фотосуреті қойылған.
«Бұл фотожұмыстар балаларымыздың ішкі жан дүниесінен хабар беріп, олардың бізді, ересектерді қалай қабылдайтынын көрсетеді. Мұнда сонымен қатар, олардың қоршаған әлемді қайырымды не қатал, ғажайып немесе жағымсыз екендігіне сараптамасы көрінеді», - дейді облыстық көрме залының меңгерушісі Эльма Ділдебаева.
Көрмеге қатысушылардың барлығы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы сыйлықтарына ие болды. Бірінші сыйлықты Тараздың №31 орта мектебінің оқушысы Павел Рямзин өзінің «Тауда» деген жұмысы үшін алды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін