Жарияланды: 4100

Тәуекел Мүсілім қызбен сүйісіп тұрған суретіне қатысты пікір білдірді

Тәуекел Мүсілім қызбен сүйісіп тұрған суретіне қатысты пікір білдірді

Талай қыздың арманына айналған қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім желіде қызу талқыға түскен суретке қатысты пікір білдірді. Ол өзімен сүйісіп тұрған бойжеткеннің кім екенін жасырмай айтып берді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Осыдан біраз уақыт бұрын Тәуекелдің белгісіз арумен сүйісіп тұрған суреті желіні шулатты. Тәуекелге ғашық қыздардың көбісі оған ренішті екендерін жеткізді. Көпшілік актердің құшағына кіріп кеткен арудың кім екенін білгісі келді. Бұл сұраққа Тәуекелдің өзі жауап берді.

Суреттегі бойжеткеннің Жәмилә есімді қырғызстандық сәнбике екені анықталды. Актердің айтуынша, екеуінің арасында айтарлықтай ештеңе жоқ, олар тек достық-әріптестік қарым-қатынаста.

«Ол жерде менің де қателігім болды. Өзім ескеруім керек еді. Күтпеген жағдай болды. Әлеуметтік желіге салады деген ойымда болған жоқ. Тек артынша ол кешірім сұрап, өз қателігін түсінді. Сол суретке байланысты біраз пікірлер айтылды, бәрі ренішін білдіріп жатыр. Дегенмен мен үйленейін деп жатқан жоқпын», – деп ақталды Мүсілім.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін