Жарияланды: 390

Т.Бекмамбетов туындысы Торонто кинофестивалінде көрсетіледі

Т.Бекмамбетов туындысы Торонто кинофестивалінде көрсетіледі

Өтіп бара жатқан апта әлем жұртшылығының жадында жағымды жаңалықтарымен есте қалатын болды. Атап айтқанда, сәрсенбі күні миллиондаған жанның назары  Apple компаниясының жаңа девайстарының таныстырылымына назар аударған болатын. Ал бейсенбі күні әлем жұртшылығы Торонтодағы 40-ші халықаралық кино фестивальдің ашылуына назар салды.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан апта әлем жұртшылығының жадында жағымды жаңалықтарымен есте қалатын болды. Атап айтқанда, сәрсенбі күні миллиондаған жанның назары  Apple компаниясының жаңа девайстарының таныстырылымына назар аударған болатын. Ал бейсенбі күні әлем жұртшылығы Торонтодағы 40-ші халықаралық кино фестивальдің ашылуына назар салды.

Apple компаниясының тұсаукесері

Сәрсенбі күні Сан-Францискода Apple компаниясының тұсаукесер шарасы өтті.  Оған шамамен 7 мыңға жуық адам қатысты. Бұл корпорация тарихындағы мұндай шараға рекордтық адам қатысқан ірі оқиға болғаны анық.

Сонымен Apple жаңа iPhone 6S пен 6S Plus, дисплейі үлкен iPad Pro, алынбалы-салынбалы клавиатура, түбегейлі жаңартылған  Apple TV теледидар приставкасын, жаңа  iPad-қа арналған  Apple Pencil стилусін таныстырды.

Apple компаниясының басшысы Тим Кук өз таныстырылымын ақылды Apple Watch сағаты туралы әңгімелеуден бастады.  Одан кейін алынбалы-салынбалы клавиатура, түбегейлі жаңартылған  Apple TV теледидар приставкасын, жаңа  iPad-қа арналған  Apple Pencil стилусін таныстырып, олардың ерекшеліктеріне айрықша тоқталып өтті.

Ең соңында Тим Кук жаңа iPhone 6s пен 6s Plus телефондарын жұртшылық назарына ұсынды.  Жаңа iPhone A9 процессорымен жабдықталған. Бұл телефонның бұған дейінгі смартфоннан 70 пайыз жылдамырақ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Телефонның артқы қапталында орнатылған камера 12 мегапикселді, ал алдыңғы камера 5 мегапикселді  құрайды. Live Photos технологиясы «тірі» суреттер түсіруге мүмкіндік береді. Яғни суретке түсіру барысында бастапқы және кейінгі бірнеше секундтар сақталады.

Торонтода 40-шы кинофестиваль ашылды

Бейсенбі күні Торонтода 10-шы халықаралық кинофестивальдің ашылу салтанаты өтті. Қалыптасқан дәстүрге сай фестиваль қыркүйек айында өтеді. Ал оның басталуы Канада мен АҚШ-та еңбек күні кеңінен аталып өтетін айдың бірінші дүйсенбісіне дөп келеді. Кинофестиваль 11 күнге созылады, дегенмен конкурсанттарды марапаттау шараның 9-ші кешінде өткізілсе, соңғы күнінде қорытынды шығарылып, фестивальдың жабылу шарасы болады.

Көптеген басқа кинофестивальдерге қарағанда бұл фестивальдің айырмашылығы онда ресми төрешілер болмайды. Ал шараның «Көрермен көңілінен шыққан туынды» атты бас жүлдесі көрерменнің дауыс беруі нәтижесіне орай беріледі.

Фестиваль бағдарламасында отандасымыз Тимур Бекмамбетов продюсер болған «Хардкор»  фильмі ерекше орынға ие болып отырғанын атап өткен жөн. Өйткені, атыс-шабыс жанрындағы бұл фильм толығымен бірінші тұлға атынан түсірілген алғашқы туынды болмақ.

Айта кетерлігі, кино фестиваль аясында Ридли Скотттың «Марсианин», Дени Вильневтің    «Жалданушы»,  Питер Соллетттің «Мұрагерлікке құқық», Том МакКартидің «Басты назарда», Джослин Мурхаустің «Тігінші әйел» сынды туындылары көрсетіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін