ТДМ-ның 20 жылдығына арналып Мәскеуде өткен көрмеде Қарағандылық ғалымдардың жобасы наградталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТДМ-ның 20 жылдығына арналып Мәскеуде өткен көрмеде Қарағандылық ғалымдардың жобасы наградталды

ТДМ-ның 20 жылдығына арналып Мәскеуде өткен көрмеде Қарағандылық ғалымдардың жобасы наградталды

ТДМ-ның 20 жылдығына арналып Мәскеуде өткен мемлекетаралық көрмеде Қарағандылық ғалымдардың көмір өндірісіндегі қауіпсіздікке арналған жобасы наградаға ие болды, деп Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттен (ҚарМТУ) хабарлады.

  • 28 Шiлде 2011
  • 583
Фото - Caravan.kz

«ТМД-ға 20 жыл: серіктестіктің жаңа белестеріне» атты мемлекетаралық көрме Мәскеудегі Бүкілресейлік көрме орталығында өтті. Көрменің ұйымдастыру комитеті ҚарМТУ-ді және «Машзауыт№1» ЖШС корпоратвитік университет мүшесін І-ші дәрежелі дипломмен атап өтті. Наградамен аталып өткен инновациялық жұмыс «Көмір шахталарында ұңғыма тазарту жұмыстарын жүргізгенде көмір кені массивіне үздіксіз мониторинг жасау жүйесі» деп аталады», — деп авторлық топтың өкілі, ҚарМТУ физика кафедрасының меңгерушісі, профессор Юрий Семенов сәрсенбі күні мәлім етті.

Оның айтуынша, көрмеде 10 мемлекеттен 54 жоба ұсынылды. «Техникалық салада жобаларды ТМД-ның 4 республикасы ұсында. Олар – Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан», — деді Ю. Смирнов.

Қарағандылық ғалымдардың жобасы ғылым мен өндірісті ұштастырады, деп авторлық топ өкілі атап өтті. «Қазір бүкіл әлемдегі көмір кеніштерінде кенет болатын газ шығарымдарының проблемасы өте өзекті. Біздің жаңалығымыз Қарағанды көмір бассейнінде, Кузбаста және Донбаста қолданылады. Ең бастысы — жобаның көмір өндірісінің қауіпсіздігін арттыратын әлеуметтік әсерінде», — деп атап өтті Ю. Смирнов.

Былтыр осы жаңалық академик А.А. Скочинский атындағы сыйлықты алған болатын. Ол еңбек жағдайын жақсартқаны, көмір және тау-кен өндірісіндегі өндіріс қауіпсіздігін арттырғаны үшін табыс етіледі, дейді ЖОО-дағылар. Авторлық топқа ҚарМТУ ректоры Арстан Ғазалиев, ҚарМТУ профессорлары Николай Дрижд пен Юрий Смирнов, «Машзауыт №1» ЖШС бас директоры, техника ғылымдарының докторы Болат Кенжин кіреді. Сондай-ақ РУДН профессоры Самат Әлиев те авторлар қатарында.

Соңғы жаңалықтар