Telegram Қазақстанда ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады - министр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Telegram Қазақстанда ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады - министр

Telegram Қазақстанда ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады - министр

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

  • 26 Тамыз
  • 6
Фото: фейсбук

Жаслан Мәдиев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, фейсбук парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Telegram командасымен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесі қалыптасқанын атап өткен жөн.

 «Мен Павел Дуровқа және Telegram командасына соңғы оқиғаларға байланысты қолдауымды білдіргім келеді. Сенбі күні Павелдің француз билігімен контент модерациясының жоқтығы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін ұсталғаны хабарланды.

Біз дербес деректердің таралуын, есірткі трафигімен күрес және мессенджердегі басқа да заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша мәселелерді бірнеше рет сәтті әрі жедел шештік. Telegram командасы әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа дайын, құпиялылық пен сөз бостандығын қорғау қағидаттарына адал болып келеді.

Қазақстанда Telegram – ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл оның қоғамымыз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біз цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен еркіндік арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын түсінеміз және Telegram-мен конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз.

Сонымен қатар, Павел Дуров Қазақстанға өткен сапарында қазақстандық ауыл балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «IQanat» жобасының қамқоршыларының бірі болып, $365 000 сомасына 12 грант бөлді. Ол тек қаржы бөлумен шектелмей, оқу процесін зерттеуге, балаларды іріктеуге, олардың өмірбаяны мен мектептегі үлгерімін зерделеуге тікелей қатысты.

Мен Павелдің командасына балалардың дамуына шын көңілмен қызығушылық танытып, жанашырлық танытқаны үшін ризамын.

Аталған жағдайдың тезірек шешілуіне үміттенеміз», – деп жазды министр.