Теміртауда 27 жыл хабар-ошарсыз деп саналған интернационалшыл-батырға ескерткіш ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда 27 жыл хабар-ошарсыз деп саналған интернационалшыл-батырға ескерткіш ашылды

Теміртауда 27 жыл хабар-ошарсыз деп саналған интернационалшыл-батырға ескерткіш ашылды

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында 27 жыл бұрын хабар-ошарсыз кетті деген, ал шын мәнісінде шарият сотымен жазаланған интернационалшыл-жауынгер Виктор Грязновтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды, деп Ауғанстан ардагерлерінің қалалық кеңесінен хабарлады.

  • 26 Шiлде 2011
  • 887
Фото - Caravan.kz

Республика даңғылындағы батырлықпен қаза болған интернационалшыл-жауынгер В. Грязнов тұрған үйдің маңдайбетінде мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу салтанатына Ауғанстан соғысының ардагерлері, 5516 әскери бөлімше жауынгерлері мен қала тұрғындары қатысты», — деді «Ауған соғысының Теміртаулық кеңесі» ҚБ төраға орынбасары Жолдас Көкеев сейсенбі күні.

1979 жылы әскерге алынып, қайтуына екі ай қалғанда жоғалған жауынгердің туыстары 27 жыл бойына оны іздестіруді тоқтатпаған.

«1981 жылы ақпан айында Грязновтар отбасы олардың ұлдары интернационалдық борышын өтеу барысында хабар-ошарсыз кетті деген хабар алған. Жауынгердің ата-анасы мен інісі жауынгердің тағдырын білуге көп күш жұмсады. Ресейлік «Жди меня» бағдарламасына жазған хат көп нәрсені ашып беріпті. 2 жыл бұрын туыстары Виктордың Ауғанстанда қаза болғаны туралы ресми хат алған», — деп ардагерлер одағы оқиғаның қалай болғанынан хабардар болыпты.

Қаза болған жауынгердің інісі Валерий Грязновтың айтуынша, хабар эфирге шыққан соң, Киевтік «ауған» ардагері Сергей Купцов интернетке қойған күнделігі туралы хабарлаған. «Ауғанстаннан оралған ол өзімен бірге құпия журналды да алып кеткен. Ол журналдың бір бетінде менің ағамның әскери билетінің суреті бар екен. Осы ағамды іздестірудегі тарқатылған жіп болды», — деді В. Грязнов.

Ауғанстанның мемлекеттік қауіпсіздігінің ерекші бөлімінің хабарлауынша, интернационалшы-жауынгер Құндыз қаласының маңындағы Ханабад елді мекен үшін болған ұрыста тұтқынға түсіп қалған. «Оған ислам дінін қабылдап, моджехед болуды ұсынған. Виктор антына берік болып, оған көнбегендіктен, шарият сотымен жазаланыпты. Біздің жерлесіміз азапталып өлсе де, Отанын сатқан жоқ. Себебі «Қызыл тюрбан» деп аталатын жаза өте қатыгез жаза», — деп «Ауған соғысының Теміртаулық кеңесі» ҚБ өкілдері айтты. (Есірткіні салып есінен тандырған жауынгердің терісін белінен сыпырып, басына қаптап, өзін қолынан күн астына, ішінде аш қасқырлар жүрген апанның үстіне іліп қояды…).

Интернационалшыл-жауынгер Ауған соғысына аттанар алдында металлургиялық зауытта жұмыс істегендіктен мемориалдық тақтаны жасауға металлургтердің «Жақтау» кәсіподағы да көмектесті.

Соңғы жаңалықтар