«Теңіз түсті махаббатым» сериалы: Каспий теңізі жағалауындағы ғашықтық хикая - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Теңіз түсті махаббатым» сериалы: Каспий теңізі жағалауындағы ғашықтық хикая

«Теңіз түсті махаббатым» сериалы: Каспий теңізі жағалауындағы ғашықтық хикая

Қазан айының ортасында НТК телеарнасында «Теңіз түсті махаббатым» атты сериал көрерменге жол тартады.

  • 8 Қазан
  • 232
Фото - Caravan.kz

Қазан айының ортасында НТК телеарнасында «ТЕҢІЗ ТҮСТІ МАХАББАТЫМ» атты сериал көрерменге жол тартады. Сериалдың бас кейіпкері Ада келешегінен үміт күттіретін әрі табысты бизнесвумен. Ол туризм саласында қызмет етіп, келешекте бизнесін шетелде дамытуды жоспарлап қойған. Алайда Аданың жоспары сауық кештерінің бірінде бәсекелесімен кездесуден кейін күрт өзгереді. Ақтауға сапар, кәсібіндегі сәтсіздіктер, жақынынның сатқындығы және ғашықтық хикаясы… Премьера қарсаңында бас кейіпкер Аделина Ералиевамен сұхбаттасып, телетуынды  жайлы сөз қозғадық.

  1. Жобаға қалай шақырту алдыңыз?

Негізі бұл телехикаяда әріптесім Алдияр екеуіміз басты рөлді сомдаймыз. Біздің әлеуметтік желі арқылы сырттай бақылап жүрген киногерлер жобаның сценариін бізге арнап жазған екен. Туындының сценариімен таныса келе, бірден келісімімізді бердік. Себебі, ондағы оқиға желісі өте қызық және әр көрерменді елітіп әкететінініе сенімді болдық.

  • Актерлық мансапқа қалай келдіңіздер?

Мен де, Алдияр да блогерлік арқылы үлкен экранға жол таптық. Әлеуметтік желіде парақшамды белсенді жүргізіп жүрдім. Кейін актер достарыма қарап, кино саласына қызығушылығым артып, түрлі кастингтерде бақ сынадым. Талабым желге ұшпай, талай талпынысымның нәтижесінде басты рөлге шақырту алдым. Содан кейін, актерлық мансабым басталып кетті десем де болады.

  • Сіздің ойыңызша, бұл сериалға актерлық құрамды бекіткенде үміткерлердің танымалдылығы ескерлді іме, әлде таланты ма?

Актер әлсіз болса, тұтастай туынды ойдағыдай шықпайды, бүкіл еңбек текке кетеді. Сондықтан, талант міндетті деп ойлаймын.

  • Актердың басты міндеті кез келген рөлді ойдағыдай алып шығу. Сіздерге өз рөлдеріңізді сомдау қаншалықты қиын болды?

Басында қиын болғанын жасырмаймын. Себебі, телехикаядағы кейіпкерлердің мінезі мүлде біздің мінезімізге ұқсамайды. Мысалы, сериалда Ада қырсық мінезді қыз болса, өмірде мен мүлде ондай емеспін. Ал Саян телехикаяда тікмінезді, ойындағысын бетке айтатын адуынды жігіт. Ал Алдияр өмірде жұмсақ адам.  

  • Өмірде «махаббат үштігіне» тап болып, таңдау жасау керек болса не істер едіңіз?

Махабатты таңдар едім. Жүрек қалауым кімді қаласа, сонымен қол ұстасамын. Ал егер мен ғашық болған адам маған қарамаса, бақыт тілеп жіберген дұрыс.

  • Сериалдың сюжет желісі Маңғыстау облысында өрбиді. Бұл аймақтың адамдарының ерекшелігі мен тұмса табиғат сұлулығына қатысты не айтар едіңіз?

Шынымды айтсам, сериалдан соң отансүйгішлік сезімім оянды. Каспий теңізінің әр толқыны жүрегімде қалары анық, теңізге қатысты қорқыныш сезімі де бар. Себебі, телехикаяда менің теңізге секіретін сахнам болды. Ал жалпы Ақтаудың табиғатына тәнті болдым.

  • Санаулы күндерден соң сериалды алғашқы бөлімі үлкен экранға жол тартады. Көрермен қалай қабылдай деп ойлайсыз?

Телехикая арқылы нәзік ғашықтық сезім, кіршіксіз махаббат, мақсатқа жету жолындағы бәсекелестікті көрсетеміз. Көрерменнің қалай қабыл алары өзіме де қызық. Десе де, қолдау болатыныны сенімдімін. Әрине, жағымсыз пікірлер де айтылмайды емес. Бірақ сынды да қабылдай білу керек, онсыз да болмайды.

  • Бұл жоба да өз мәресіне жетті. Енді келешекке қандай жоспар құрып жатырсыздар?

«Теңіз түсті махаббат» телехикаясының жұмыстары аяқталасымен, Алдияр екеуіміз басқа жобағакірісіп кеттік. Қазір аздаған үзіліс алып, демалып жатырмыз. Негізі Алдияр да, мен де ән айтамыз. Болашақта шығармашылығымызды шыңдап, блогерлігімізді ары қарай белсенді жүргізуге күш саламыз.

Еске салсақ, «Теңіз түсті махаббат» сериалын TASPA Films компаниясы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің» қолдауымен таспалаған. Телехикаясының премьерасы 14 қазан 2024 жылы НТК арнасында өтеді. Сериал дүйсенбі мен жұма аралығы 17:00-де көрсетіледі. Сондай ақ, НТК арнасының youtube желісінен тамашалауға болады.