Тілдерді дамыту бағдарламасы мемлекеттік саясатта маңызды рөл атқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілдерді дамыту бағдарламасы мемлекеттік саясатта маңызды рөл атқарды

Тілдерді дамыту бағдарламасы мемлекеттік саясатта маңызды рөл атқарды

Тілдерді дамыту бағдарламасы мемлекеттік саясатта маңызды рөл атқарды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

  • 6 Маусым 2011
  • 615
Фото - Caravan.kz


«Тіл саясаты саласындағы 2010 жылдың басты қорытындысы 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды аяқтау мен келесі онжылдыққа жаңа бағдарлама әзірлеу болды. Алғашқы ұзақ мерзімді тілдік бағдарлама сол уақыттағы қалыптасқан тарихи шындық аясында әзірленіп, жүзеге асқан болатын. Оның тиімділігі жөнінде әртүрлі пікір, дау-дамайлар бар. Алайда соның өзінде бағдарлама нәтижесі мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымын айтарлықтай арттырды. Мәселен, осыдан 5 жыл бұрын Оқыту орталықтарының саны 8 болса, қазір жүзден астам орталықтар жұмыс істейді. Олардың жартысынан астамы мемлекеттік», — деді М. Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша, бағдарлама жүзеге асқалы бері қазақ тіліндегі балабақшалар саны айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, он жыл ішінде оларды саны 68 пайызға, ал қазақ мектептерінің саны 173 бірлікке өскен. «Бүгінде еліміздегі 7,5 мың мектептің 3 мың 821-інде таза қазақ тілінде білім беріледі. Ал еліміз тәуелсіздік алған кезде қазақ мектептерінде оқитын балалар саны 32 пайызды құраса, қазір ол көрсеткіш екі есеге артып, 1,5 млн.-нан астам бала қазақ мектептерінде білім алады», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар