Жарияланды: 470

ТМД елдерінің мұражай қызметкерлері Астанада бас қосады

2012 жылғы 1 қарашада ТМД елдерінің жетекші мұражай қызметкерлерінің аумақтық тақырыптық тренингі және сараптамалық кездесуі өтеді.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарлады. Аймақтық тақырыптық тренинг 2008-2011 жылдары ТМД елдеріне арналған ЮНЕСКО және Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен ұлттық және аумақтық тренингтердің жалғасы болып табылады. Тренинг барысында келесі сұрақтар қаралатын болады: ТМД елдеріндегі мұражай қызметінің нормативті-құқықтық және экономикалық қамтамасыз етілуін жетілдіру; жас мамандарды дайындаудың болашағы және оның өзекті мәселелері; оқу орындары мен профильді институттармен біріге отырып білім бағдарламаларын жасау; жас ұрпақтың білімін жетілдіру және тұрғындардың эстетикалық тәрбиесіне көңіл бөлу; халықаралық және аумақтық кәсіби қарым-қатынасты дамыту. Тренинг барысында Достастық елдеріндегі мұражай қызметі саясатын дамыту және жетілдіру, мұражай ісінде жаңа заманауи технологияларды пайдалану, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға басты назар аударылмақ. Іс-шараға Ресей Федерациясынан, Әзірбайжаннан, Армениядан, Беларусь Республикасынан, Қырғызстаннан, Молдова Республикасынан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан және Украинадан мұражай салаларының жетекші мамандары қатысады. Тренинг барысында мұражай қызметкерлерінің тәжірибе аламасуы, мәдениет саласындағы озық технологиялардың үлгілерімен танысуы, пікір алмасуы көзделген. Тренинг барысында жүргізілетін сауалнама қорытынды жасауға, жетістіктерді түйіндеуге және болашаққа тиімді жоспар жасауға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін