Жарияланды: 800

Төлеуғазы Байғалиевтің «Ақмола-Целиноград-Ақмола-Астана» атты көрмесі ашылды

Бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Төлеуғазы Байғалиевтің «Ақмола-Целиноград-Ақмола-Астана» атты жеке көрмесінің тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Аталған көрме Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Бұл көрменің басты көрінісі - Астананың қалыптасуы мен дамуының тарихын суреттеп, қаланың қазіргі кездегі бейнесін сомдау. Астананың тарихындағы түрлі кезеңдер Төлеуғазы Байғалиевтің суреттері мен фотосуреттерінен анық көрініп тұр. Көрменің ашылуына Сенат депутаты Ғарифолла Есім, Мәжіліс депутаты Сансызбай Есілов, Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Ербол Шәймерден қатысты. «Осы көрме тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы мен Астананың алда өтетін туған күніне арналып отыр. Қаланың ескі суреттеріндегі ғимараттарды түрлі түсті майлы бояумен салып, жаңа бейнеде көрсеттім. Сондай-ақ, біраз суреттерді қаламмен де ерекше түрде көрсетіп салдым», - деп сұхбат берді Т. Байғалиев. Төлеуғазы Байғалиев осы жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық конкурстың алтын медаль иегері болып табылады. Қылқалам шеберінің суреттері Германия, Ресей, АҚШ, Корея, Қытай, Украина сияқты елдерде сақтаулы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін