“Түнтеков мұрнын шүйіріп кеткен еді, сүрінді” Уәлибек Әбдірайымов өз ойын жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Түнтеков мұрнын шүйіріп кеткен еді, сүрінді” Уәлибек Әбдірайымов өз ойын жайып салды

“Түнтеков мұрнын шүйіріп кеткен еді, сүрінді” Уәлибек Әбдірайымов өз ойын жайып салды

Уәлибек Әбдірайымов әнші Қайрат Түнтеков туралы өз ойын ашық айтты.

  • 5 Сәуiр 2021
  • 330
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы "Қасқа жол" бағдарламасына сұхбат берді.

"Қайрат сүрініп кетті бір рет. Мен оны өзінің бетіне де айта аламын, мұрнын шүйіріп кетті сосын сүрініп қалды. Оның қасындағы продюсер кім мен оны танымайды екенмін. Ол өте керемет, жақсы-жақсы үлкен сахналарға шығып жүрді де соны жақсы екен деп қалды да бірден сүрініп кетті. Сөйтті де Шымкенттке қайтып келді. Енді міне қайтадан шығып келе жатыр. Керемет әнші, өз стилі бар, өз дауысы бар оның. Кейбір жерлерде бағы жанып кетеді адамның. Өнерде өзі сондай ғой бап жанама, бақ жанама деген. Біреулердің бағы болса да, бабы жанбай тұрады. Қайраттың бабы орнында. Шығармашылықты тоқтатпаған адамда "қайта өрлеу" деген болады. Жазушыларда да, ақындарда да болады тоқырауға ұшырау деген кезең. Барлық жерде айтылды ғой, тіпті 40 күн отырып келді. Міне осыны сүрінді дейді. Оған басқа нәрсенің керегі жоқ еді, тек әнін айтып жүруі керек еді негізі" — деді.

Желі қолданушылары: "Уәлибек ағаның сөзінің жаны бар","Қайрат өте дарынды әнші","Алла жар болсын","Керемет сұхбат болды"- деп пікір қалдырды.


 

Соңғы жаңалықтар