Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны М.Шахановтың шығармашылық кеші өтті
![]() |
Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында |
Қазақстанның халық жазушысы, «Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті.
Биыл ақынның 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар еліміздегі 300-ге жуық мектепте ұйымдастырылды.
«Қандай үлкен ақын, жазушы, ғалым, саясаткер болсын, егер ол шындығын жоғалтып алса, ұлттық мүддеге немқұрды қараса - мен үшін құны көк тиын», - деп азаматтық ұстанымын көрсеткен ақын, бірқатар жаңа шығармаларын көрерменге тарту етті.
«Туған күн кешімен» басталған кеште «Махаббат еліндегі» «Жұбайлар жыры» шырқалды. «Арал қасіреті» мен «Желтоқсан тағылымы» еске түсіп, «Баба Түркістан» мен «Отан анаға тағзым» етілді. «Қазақ дастарханы» мен «Қызғалдақ дәуренді» жаңғыртып, «Жаңа қазақтарға» көз жүгіртті. «Алматыдан аттанардағы» «Елді сағынуын» жеткізіп, «Арқалықтың ақ таңында» «Жігіттерді» «Гүлдәурен» ғұмырды бағалай білуге шақырып, «Пойыз кетіп бара жатқанын» естеріне салды. Өнерпаз ұл мен қыздар ақын өлеңдерін оқып, әншілер оның өлеңдеріне жазылған әндерді тамылжыта орындап, уақыттың үш сағатқа жуықтап қалғанын, енді «Қоштаспай болмайтынын» еске түсірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін