Түркияда «Үлкен халықаралық Анкара фестивалі» өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда «Үлкен халықаралық Анкара фестивалі» өтті

Түркияда «Үлкен халықаралық Анкара фестивалі» өтті

Түркияда Анкара қаласы мэриясының ұйымдастыруымен 4-ші Үлкен Халықаралық музыкалық фестиваль өтті,

  • 13 Шiлде 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі.

Музыкалық фестивальге әлемнің 16 елінен 500-дей ән-би топтары және орындаушылар қатысты. Қазақстаннан президенттік оркестрдің «Белес» тобы мен қобызшысы Әсел Нұркенова келді. Топ Қуат Шілдебаевтың «Шашу» шығармасын, «Белес» және «Шіркін-ай» халық әндерін, сондай-ақ көпшілікке танымал түрік әндерін орындап, Анкара қаласының тұрғындары мен фестиваль қонақтарын тәнті етті.

Әртістердің өнері түрік БАҚ-да кеңінен жария етілді және телеарналарда тікелей эфирде көрсетілді.

Қазақстандық әртістер Анкараға үстіміздегі жылғы маусым айында Астанада Анкараның Мәдениет күндерін өткізу барысында өткен Қазақстан өнер шеберлерінің концертінде олардың өнерін тамашалап, үлкен әсер алған қала мэрі Мелих Гөкчектің жеке шақыруымен келген.

Соңғы жаңалықтар