Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өнер иесі Маңғыстау өңірінен Қостанай қаласына келін болып түскен.
“Кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін, жолдасым “біз де той жасайық” деген ұсыныс айтты. “Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік” дедім. Біздің тойымыз пандемия кезінде алты адаммен өтіп кеткен. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым. Әрі бәріне шектеу қойып тастаған еді. Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін”, – деп уәде берді әнші.