Жарияланды: 460

Тюменьде ең сұлу қазақ қызын таңдады

Тюменьде ең сұлу қазақ қызын таңдады

Тюменнің «Сұлу қыз - 2012» («Қазақ аруы - 2012») ІІІ облыстық ашық байқауының жеңімпазы түмендік Марияш Жаңбыршинова болды.

Вице-мисс атағын Бердюжский ауданынан Асыл Керібаева жеңіп алды, деп жазады «Вслух.ру» порталы. 15 желтоқсан күні «Құрылысшы» ұлттық мәдениеттер сарайында өткен байқаудың ақтық сайысына 16 қыз қатысты. Олардың он екісі - Тюменнен. Арулар Қазақстанның мемлекеттік тілін және дәстүрін білуден жарысты, елдің төл халқының билерін және әндерін орындады. Онымен қоса бойжеткендер кешкі көйлектердің үлгілерін көрсетті. «Құрылысшылар» сарайы лық толы болды, аруларды қолдауға олардың туғандары, достары және қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының Тюмень облысындағы Құрметті консулы Сеялхан Макаш, Түмен облысындағы Қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті және өкілі Есімхан Жантасов және Есенғали Ыбраев, «Құрылысшы» сарайының және ұлттар істері жөніндегі өңірлік комитеттің өкілдері болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін