Жарияланды: 440

Ұмсын Арқабаева Ресей Суретшілер одағының мүшесі атанды

Ұмсын Арқабаева Ресей Суретшілер одағының мүшесі атанды

Елордадағы Оқушылар сарайының директоры Ұмсын Арқабаева Ресей Федерациясы Суретшілер одағының мүшесі атағына ие болды.

«Біз буклеттер жіберіп, Мәскеу қаласының педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірігіп, көрмелер ұйымдастырдық. Сондай-ақ, біздің бастамамызбен қолданбалы өнердің Халықаралық орталығы құрылды. Қазір біз ресейліктермен бірге Халықаралық қолданбалы өнер конференциясын ұйымдастыру үшін қоян-қолтық жұмыстар атқарудамыз», - дейді Ұ. Арқабаева Елорданың ресми сайтының мәліметіне қарағанда, Астана қаласындағы жаңа Оқушылар сарайы 2012 жылдың 3 сәуірінен жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде Оқушылар сарайында 500 топта 9083 баланы қамтитын 137 үйірме бар. Онда 141 педагог балаларға қосымша білім беріп, үйірмелерге жетекшілік етеді. Олардың арасында кәсіби зерттеуші-педагогтар мен танымал музыкантар да, ҚР Еңбек сіңірген ғылым, мәдениет, спорт қайраткерлері де аз емес.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін