Ұмсын Арқабаева Ресей Суретшілер одағының мүшесі атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.26
  • 602.13
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұмсын Арқабаева Ресей Суретшілер одағының мүшесі атанды

Ұмсын Арқабаева Ресей Суретшілер одағының мүшесі атанды

Елордадағы Оқушылар сарайының директоры Ұмсын Арқабаева Ресей Федерациясы Суретшілер одағының мүшесі атағына ие болды.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Біз буклеттер жіберіп, Мәскеу қаласының педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірігіп, көрмелер ұйымдастырдық. Сондай-ақ, біздің бастамамызбен қолданбалы өнердің Халықаралық орталығы құрылды. Қазір біз ресейліктермен бірге Халықаралық қолданбалы өнер конференциясын ұйымдастыру үшін қоян-қолтық жұмыстар атқарудамыз», — дейді Ұ. Арқабаева

Елорданың ресми сайтының мәліметіне қарағанда, Астана қаласындағы жаңа Оқушылар сарайы 2012 жылдың 3 сәуірінен жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде Оқушылар сарайында 500 топта 9083 баланы қамтитын 137 үйірме бар. Онда 141 педагог балаларға қосымша білім беріп, үйірмелерге жетекшілік етеді. Олардың арасында кәсіби зерттеуші-педагогтар мен танымал музыкантар да, ҚР Еңбек сіңірген ғылым, мәдениет, спорт қайраткерлері де аз емес.