«Уолт Диснейдің» «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында көрсетіледі
![]() |
23 маусым күні «Уолт Дисней» компаниясының қазақ тіліндегі алғашқы жобасы - «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында бір күнде көрсетілетін болады. |
Бұл туралы бүгін осы жобаға қатысушы «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек мәлім етті.
Оның айтуынша, осыдан жарты жыл бұрын «Уолт Дисней» компаниясының өкілдері Алматыға келіп, «Көліктер-2» мультфильміне дубляж жасайтын әртістерді іріктеген болатын. «Осыдан кейін актерлердің дауысын жазып алып, Лос-Анжелес қаласындағы мамандарға тексерткен. Міне, бүгін сол ауқымды жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. 23 маусым күні «Уолт Дисней» компаниясының қазақ тіліндегі алғашқы жобасы - «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында бір күнде көрсетілетін болады», - деп атап көрсетті Б.Байбек. Оның сөзіне қарағанда, аталған жобаға бөлінген демеушілік қаражаттың көлемі 16-17 млн. теңгені құрайды.
Осылайша қазақ тілі әлемдік әйгілі «Уолт Дисней» компаниясындағы ресми дубляждың 39-шы тіліне айналды. Бұған дейін түркі халықтары ішінде Дисней фильмдері тек түрік тілінде ғана жарық көрген. «Көліктер-2» мультфильмін қазақ тілінде дубляждаған әртістердің ішінде Бақытжан Әлпейісов, Күнсұлу Шаяхметова, Дәулет Әбдіғапаров, Нышанбек Жұбанаев және Азамат Қанапияев бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін