«Уолт Диснейдің» «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Уолт Диснейдің» «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында көрсетіледі

«Уолт Диснейдің» «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында көрсетіледі

23 маусым күні «Уолт Дисней» компаниясының қазақ тіліндегі алғашқы жобасы - «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында бір күнде көрсетілетін болады.

  • 10 Маусым 2011
  • 1059
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін осы жобаға қатысушы «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек мәлім етті.

Оның айтуынша, осыдан жарты жыл бұрын «Уолт Дисней» компаниясының өкілдері Алматыға келіп, «Көліктер-2» мультфильміне дубляж жасайтын әртістерді іріктеген болатын. «Осыдан кейін актерлердің дауысын жазып алып, Лос-Анжелес қаласындағы мамандарға тексерткен. Міне, бүгін сол ауқымды жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. 23 маусым күні «Уолт Дисней» компаниясының қазақ тіліндегі алғашқы жобасы — «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында бір күнде көрсетілетін болады», — деп атап көрсетті Б.Байбек. Оның сөзіне қарағанда, аталған жобаға бөлінген демеушілік қаражаттың көлемі 16-17 млн. теңгені құрайды.

Осылайша қазақ тілі әлемдік әйгілі «Уолт Дисней» компаниясындағы ресми дубляждың 39-шы тіліне айналды. Бұған дейін түркі халықтары ішінде Дисней фильмдері тек түрік тілінде ғана жарық көрген. «Көліктер-2» мультфильмін қазақ тілінде дубляждаған әртістердің ішінде Бақытжан Әлпейісов, Күнсұлу Шаяхметова, Дәулет Әбдіғапаров, Нышанбек Жұбанаев және Азамат Қанапияев бар.

Соңғы жаңалықтар