«Виртуалды махаббат» фильмі алғашқы демалыс күндері 20 миллион теңге жинады
![]() |
Қысқа уақыттың ішінде танымал қазақстандық режиссер Әмір Қарақұловтың «Виртуалды махаббат» фильмі халықтың арасында үлкен қызығушылыққа ие болды. |
Прокатқа 22 қараша күні шыққан фильм тек алғашқы демалыс күндерінде 20 миллионнан астам қаржы түсірді. «Сумерки», «Хранители снов», «007 Координаты Скайфолл» сынды әлемдік премьералармен бірге прокатқа шыққанына қарамастан, фильм бәсекеге төтеп бере алды. Бұның өзі қазақстандық көрермендердің отандық киноға деген қызығушылығының артқандығын, қазақ кинематографиясының әлем көшбасшыларымен терезесі теңесіп келе жатқандығын көрсетеді.
Кино желісі бойынша, өзінің епсіз әріптесін бұрыннан бері көзге ілмей жүрген Эли атты менмен, тәкәппар қыз, кейін интернетте сұлу жігітке өлердей ғашық болып қалады. Басты рөлдерде: «Астана менің алғашқы махаббатым» киносында басты кейіпкерді сомдаған Бибігүл Ақтан мен Тимур атты қазақ жігітін ойнайтын ресейлік танымал актер Артур Смолянинов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін