"Үйленгенде күйеуімнің ештеңесі болған жоқ": Майра Ілиясова бұрынғы күйеуіне қатысты бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үйленгенде күйеуімнің ештеңесі болған жоқ": Майра Ілиясова бұрынғы күйеуіне қатысты бар шындықты айтты

"Үйленгенде күйеуімнің ештеңесі болған жоқ": Майра Ілиясова бұрынғы күйеуіне қатысты бар шындықты айтты

Қазақ өнерінің жарық жұлдызы, жезтаңдай әнші Майра Ілиясова жеке өмірі мен отбасы туралы бар шындықты айтты.

  • 6 Желтоқсан
  • 19
Instagram/Майра Ілиясова

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Әншінің айтуынша, ол күйеуімен өте жас кезінде шаңырақ құрған. Бұл туралы әнші «Сырласу» бағдарламасында айтып берді.

“Екі жетім болып қосылдық. Оның анасы ғана болды. Менің үш әпкем ғана бар. Үйленгенде күйеуімнің ештеңесі болған жоқ. Енем 60 жастан асқан кәрілеу кісі болды. Жалпы, өнердегі жүрген қыз-келіншектерге отбасын сақтап қалу қиындау. Өнеріңді түсінетін жар жолықса игі. Бүгінге дейін жалғыз өмір сүріп келемін. Жолдасым спортпен көбірек айналысты. Соңғы уақытта менің гастрольдік сапарым көбейіп кетті. Ол «Осы концерттеріңді қойсаң қайтеді?! Мына бала қалып қояды» деген кезде мен ойлана келе оған «Мен өнеріммен қала берейін» дедім. Мен жай ғана дауысым орташа болса, мүмкін үйде отырар ма едім. Бірақ халыққа танымал болдым. Солай өзіміз ақылдасып шештік. Әрине, ол екі жылдай көнбеді. Бірақ сондай әдемі айырылыстық. Қазір отбасы, ұлы бар. Араласып тұрамыз. Қызым әкесімен керемет қарым-қатынаста, әкесін қатты жақсы көреді», – деді әнші.