Ыстықкөл түбінде Ұлы Жібек жолының Атлантидасы табылды
![]() |
Ыстықкөл түбінде қырғыз археологтары мен Томск аквалангистері Ұлы Жібек жолының Атлантидасын тапты. |
Бұл туралы ақпаратты Томск мемлекеттік университетінің аквалангистері Youtube-дегі өз парақшасында жариялады, деп хабарлады КирТАГ.
Археологиялық жұмыстар Ыстықкөлдің оңтүстік бөлігінде жүргізілді. Заттардың көбі жағалаудан шамамен екі шақырым жерден табылды. Артефакттарға 2,5 мыңнан астам жыл.
«Алдын ала қала Ыстықкөл жағалауында болған Ұлы Жібек жолында қаланды деп айтуға болады. Кейін уақыт өте көлдегі су деңгейі көтеріліп, жер астына кеткен», - дейді Томск драйверлер тобының жетекшісі Дмитрий Горн.
Академик Владимир Плоскихтің пайымынша, археологиялық қазбалардың арқасында «Көне заманда Ыстықкөлде тұрған халықты көшпелі мәдениеттің емес, көне өркениеттің өкілдері» болды деген тоқтамға келуге болады.
«Қазба жұмыстары кезінде егін шаруашылығына қажетті жабдықтар, балқытпа пештері табылды. Осыған қарағанда, мұнда мыс өндіріп, қоладан заттар жасаған. Өзге де көптеген артефакттар Ыстықкөлде көне өркениет болғанын дәлелдейді», - деп санайды В. Плоских.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін