ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне тағы да 24 мәдени ескерткіш қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне тағы да 24 мәдени ескерткіш қосылды

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне тағы да 24 мәдени ескерткіш қосылды

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне тағы да 24 мәдени ескерткіш қосылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЮНЕСКО-ның ресми сайтындағы хабарламадан белгілі болды.

  • 4 Шiлде 2003
  • 1115
Фото - Caravan.kz

Теңдессіз мәдени мұралардың тізіміне қосылған ескерткіштердің арасында Ауғанстандағы Бамиан аңғары бар. Бұл аңғардағы Будданың алып 2 мүсіні соғыс кезінде құртып жіберілгені белгілі. Сондай-ақ, Иракта одан әрі жалғасып жатқан азаматтық тәртіпсіздіктрге байланысты ЮНЕСКО ежелгі Ассирияның астанасы болып табылатын Ассур қаласын қорғауға алды.

Тізімге Лондондағы Корольдық ботаникалық бақ пен Гамбия, Қазақстан, Монғолия және Судан аумағындағы мәдени ескерткіштер алғаш рет қамтылды.
Сөйтіп, қазіргі жағдаймен дүниежүзінің 120 еліндегі 754 нысан ЮНЕСКО-ның қорғау аясына ілігіп отыр.

Соңғы жаңалықтар