Жамбыл филармониясында әнші Е. Нұрғалиевтің концерті болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл филармониясында әнші Е. Нұрғалиевтің концерті болады

Жамбыл филармониясында әнші Е. Нұрғалиевтің концерті болады

22 маусым күні Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында белгілі әнші Ержан Нұрғалиевтің жеке концерті өтеді.

  • 7 Маусым 2011
  • 594
Фото - Caravan.kz

Кеш барысында әнші классикалық, эстрадалық, халық әндерімен қатар А. Бочелли, Ф. Синатраның әлемге танымал әндерін орындайды. Концертке ҚР халық әртісі, опера әншісі Майра Керей (Мұхамедқызы), Жәмила Серкебаева, ҚР мәдениет қайраткері Майра Даулетбақ, ҚР халық әртісі, концертмейстер Л. Иванова-Сокольская, А.Жұбанов атындағы конкурстың жүлдегері А. Фендриков (домбыра, гитара), Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының вокалдық тобы, Астана қаласының тәуелсіз камералық оркестрі, ҚР халық әртісі, белгілі кино, ТВ актері Жан Байжанбаев, «Қазақстан аруы» Маргарита Кравцова қатысады.

Ержан Нұрғалиев — драматикалық тенор. Әйгілі әртіс Ермек Серкебаев пен Надия Шарипованың шәкірті. Оны классикалық музыканы сүйіп тыңдайтындар қазақтың Басковы деп атайды.

Соңғы жаңалықтар