«Жаңа толқын» Сочиде өтетін болады
![]() |
Келесі жас орындаушылардың халықаралық музыкалық «Жаңа толқын» байқауы да Сочи қаласында өтеді. Ұйымдастырушылар әзірге оны қай уақытта өткізетіндерін нақтылаған жоқ, байқау не желтоқсан айында не жаз айларының бірінде өтуі мүмкін. |
Бұл туралы журналистерге байқаудың бас директоры Александр Румянцев айтты, деп жазады БЕЛТА.
«Біз байқау Сочиде өте береді деп үміттенеміз. Бұл бірақ бізге ғана емес, қалаға, Краснодар өлкесіне байланысты», деді ол.
Ал Сочи билігі 2016 жылы да фестивальді қабылдауға әзір. Қала басшысы Анатолий Пахомовтың айтуынша, «Жаңа толқынды» ұйымдастырушылардың өздері оны жаз айларында өткізуді қалап отыр.
«Келесі байқау тамыз, қыркүйек айларының бірінде өтуі мүмкін», - деді Пахомов.
Еске салайық, кеше Сочи қаласында «Жаңа толқын-2015» соңғы байқау күні өтті. Онда биыл Қазақстанның намысын екі қатысушы: әнші Ademi және VoiceKZ тобы қорғады.
Жас әншілер байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық әнші Ademi үздік үштікке еніп, индонезиялық әнші Millane Fernandez екінші орынды бөлісті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін