Жаңа жылға арналған құттықтау-тілектер, өлеңдер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жылға арналған құттықтау-тілектер, өлеңдер

Жаңа жылға арналған құттықтау-тілектер, өлеңдер

Мектептер мен балабақшаларда мерекені атап өту үшін балалар жаңа жыл туралы өлеңдермен тақпақтарды жатқа айтады.

  • 20 Желтоқсан 2023
  • 176309
Фото - Caravan.kz

Караван медиа-порталы сіздер үшін 2024 жылға арналған құттықтау тілектерімен, өлең және тақырыптарды дайындап қойған.

Мектептер мен балабақшаларда мерекені атап өту үшін балалар жаңа жыл туралы өлеңдермен тақпақтарды жатқа айтады. Қош қелдің Жаңа 2024 жыл сөзімен таңғылықтар басталады. Аяз Ата мен Ақшақар тек балаларға ғана емес, көптеген жаңа жылдық кештерге де соғып келеді.

Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Ұлу жылында ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2024 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

Жаңа 2024 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Жаңа 2024 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2024 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2023 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та, осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Ескі жылдың қайғы — мұңын, өкпе-наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.
Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!
Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!
Жаңа жыл құтты болсын!

****

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып…

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

 

****

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

****

Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

****

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

 

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

 

**************************

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

 

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын

 

Аяз ата келіп тұр,

Бизге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!

 

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған.

 

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке — шеше

Құтты болсын Жаңа жыл

 

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

 

Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

 

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

 

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

 

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

 

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

 

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

 

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

 

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы Жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан, 

Аяз ата сонда болды. 

Күндіз үйде ойнап бізбен, 

Балалармен бірге болды.

****

Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, 
ой — мақсаттар жүзеге асатын, 
арман — үміттер ақталатын жыл болсын. 
Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін. 

Сүйіктіме тілек
Жаным, біздің өміріміз сылдырлап аққан өзен секілді. Сіздің алда кездескен қайғы мен қиындықтардан жеңіл өтіп, бақыт атты сарқырамаға жетуіңізге тілектеспін. Ал мен әрдайым жаныңызда қолдаушыңыз боламын. Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінде шындыққа айналсын. Көңіліңіздің аспаны ешуақытта түнермесін, жаманшылық атаулысының барлығы сізді айналып өтсін. Шын жүректен әлемнің бар жақсылығы мен асылын, қуанышы мен байлығын тілеймін! Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, сізді үлкен бастамаларға жетелесін. Мен де, балапандарымыз да сізді шексіз жақсы көреді. Кез келген сәтте сүйенішіңіз болуға дайынбыз! Осыны ұмытпаңыз!

Достарға тілек
Уақыт ешкім тоқтата алмайтын алып кеме секілді. Сол кеменің жүрісімен біз де өмір толқындарымен араласып, арпалысып, балалық шақ жағалауына қол бұлғап, бүгінде ересек шаққа жеткен жайымыз бар. Осы ұзақ жолда күресте жеңе білгендер, жеңіліп ағыстың ағынымен кеткендер жетерлік. Өздеріңнің осылардың алғашқыларының қатарында болғандарыңды қалаймын. Алда кездесетін сан қилы қиындық пен ауыртпалықты бастағы ақылмен, сабырлы мінезбен жеңе біліңдер. Аспанның бұлтсыз болмайтынын бәріміз білеміз. Бірақ жаңа 2023 жылы шуақты күндер көп болсын! Аңсаған армандарыңа жетіп, тек бақытты сәттердің куәсі болыңдар! Ең бастысы денсаулықтарың мықты болсын!