Жапония елшілігі Алматыда жапон музыкасынан концерт ұйымдастырғалы отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония елшілігі Алматыда жапон музыкасынан концерт ұйымдастырғалы отыр

Жапония елшілігі Алматыда жапон музыкасынан концерт ұйымдастырғалы отыр

Қазақстандағы Жапония елшілігі Жапония қорымен және Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясымен бірлесе отырып, Алматыда қазіргі заманғы жапон музыкасынан концерт ұйымдастырғалы отыр,- деп хабарлайды KZ-today. Концерт 19-қазанда өтеді.

  • 16 Қазан 2003
  • 672
Фото - Caravan.kz

Шығармашылығы қазақстандық тыңдаушылардың назарына ұсынылатын «Kokoo» тобы дәстүрлі жапондық музыкалық нақышты қазіргі заманғы саз өнерінің озық үрдістерімен үйлестіреді. 1995-жылы құрылған бұл топ дүниежүзін аралап шықты. Музыканттар дәстүрлі жапон музыкасын джаз, рок, батыс классикасы және эксперименталдық авангард үлгілерімен табысты сабақтастыра білген.

Бұл — Қазастандағы Жапония елшілігі өткізіп отырған бірінші мәдени шара емес, алайда бұған дейін Қазақстанға келген топтардың басым көпшілігі дәстүрлі жапон музыкасын назарға ұсынатын. Ал күншығыс елінің қазіргі заманғы музыка өнері еліміз тыңдаушыларының назарына алғаш рет ұсынылғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар