"Жаратқаннан жалынып сұрадым": Ауруханада жатқан Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жаратқаннан жалынып сұрадым": Ауруханада жатқан Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығымен бөлісті

"Жаратқаннан жалынып сұрадым": Ауруханада жатқан Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығымен бөлісті

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілікке сүйінші жаңалығын айтты.

  • 27 Маусым 2024
  • 1019
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса желідегі парақшасында көпке бұл жаңалықты жылдар бойы армандағанын жасырмады.

«Мен бұл туралы біраз жал армандадым. Үміттендім. Жаратқаннан жалынып сұрадым», — деп бастады актриса жазбасын.

Желі қолданушылары актрисаның аяғы ауыр деп топшылады. «Жүктісіз», «Аяғыңыз ауыр шығар», «Бөпелі боласыз» деп жарыса жазды олар.

Алайда, актриса ата-анасының Меккеден аман-есен оралғанын жеткізді. Өнер иесі көп жылдар бойы осыны армандағанын әрі ата-анасына қажылық сапарда қатты алаңдағанын атап өтті.