Жарияланды: 250

"Жас баланы алдап жүрген жоқсың ба?": Құралай Анарбекова сүйіктісі барын айтты

"Жас баланы алдап жүрген жоқсың ба?": Құралай Анарбекова сүйіктісі барын айтты

Актриса, продюссер Құралай Анарбекова жақын арада тұрмыс құрып қалуы мүмкін. Қазіргі таңда сүйіктісі бар екені белгілі болды. 

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

23 жасында Англиядағы оқуын аяқтап келген Құралай Анарбековаға ата-анасы "тұрмысқа шық" деп қолқалапты. Бірақ, Құралай ол уақыттарда дайын емес екенін айтып, карьералық жолға түседі. (Құралай Анарбекованың бүгінде жасы 33-те).

Айтуынша, қазір отбасын құруға дайын. 

"Өмірдің соңына дейін түсіністікпен бірге тұра алатындай жанды осы уақытқа дейін іздегенмін. Таптым", - дейді.

Алайда, актриса сүйіктісі туралы ақпаратты құпия қалдырды. "Сенен жасы кіші ме?" деген сауалына күліп жауап берген Құралай Анарбековаға журналист "Дәл таптым-ау деймін" деген. 

Кейіннен журналист "Жас баланы алдап жүрген жоқсың ба?" деп сұрайды. Құралай Анарбекова "Жоқ. Менің ондай қасиетім жоқ", - деп жауап берген. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін