Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты аясында «Боксшының жолы» атты қазақстандық фильмнің түсірілімі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты аясында «Боксшының жолы» атты қазақстандық фильмнің түсірілімі өтеді

Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты аясында «Боксшының жолы» атты қазақстандық фильмнің түсірілімі өтеді

Астанада жастар арасындағы әлем чемпионатының аясында «Боксшының жолы» атты қазақстандық шытырманды кино түсірілімі өтеді, деп картинаның продюссері әрі сценаристі Фархад Шәріпов мәлім етті.

  • 27 Шiлде 2011
  • 571
Фото - Caravan.kz

«Біз боксшы туралы фильмнің фрагменттерін түсіруге келдік. Мұнда халықаралық жарыс өтіп жатыр. Біз соны пайдаланып қалуды шештік… Түсірілімдер сахналанған қойылымда болады», — деп жарысқа қатысып отырған Ф. Шәріпов сейсенбі күні мәлім етті.

Оның айтуынша, әзірге фильмнің аты — «Путь боксера», қазақша нұсқасында — «Жол» деп аталмақшы.

«Сюжет барахолкада тәшке сүйреп жүріп және жасырын жұдырық төбелестеріне қатысатын жігіт туралы баяндайды. Ол чемпион болуды армандайды. Сценарийдегі 120 парақта өте қызықты сюжеттік желілер бар», — деп түсіндірді Ф. Шәріпов.

Астанадағы түсірілімдер шілденің 27-29-дарында өтеді. Сондай-ақ Еуропада да бірнеше сюжеттер түсірілмекші.

Картина «Қазақфильм» киностудиясында түсіріліп жатыр. Фильм режиссері Асқар Узабаев. Ол көпшілікке коммерциялық табысты болған «Коктейль для звезды» филімімен таныс. Фильмде басты рөльдерде қазақстан көрермендеріне онша таныс емес актерлер ойнайды. Фильм экранға 2012 жылы ақпан-наурызда шығады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар